Арқалықтан Қостанайға тікұшақпен жаңа туған нәресте жеткізілді

90

ТЖМ авиациясы санитарлық ұшуды сәтті орындады.    

Арқалықтан Қостанайға тікұшақпен жаңа туған нәресте жеткізілді Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Төрт күн бұрын дүниеге келген сәби шұғыл түрде Қостанай қаласындағы облыстық перинаталдық орталығына жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазавиақұтқару" экипажы мен дәрігерлердің жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында сәби арнайы бортпен қауіпсіз жеткізілді.

Санитарлық ұшу барысында бортта неонатолог Өтегенов Асет Аманжолович пен медбике Мешитбаева Балзия Мырзабековна бірге болып, нәрестенің жағдайын тұрақты бақылауда ұстады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу