Жаңа үйлерді пайдалануға беру туралы статистиканың дұрыс-бұрысы тексеріліп жатыр – ИИДМ

752

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "кейінгі үш жылда 45 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді" деген статистика дерегін тексеріп жатыр.

Жаңа үйлерді пайдалануға беру туралы статистиканың дұрыс-бұрысы тексеріліп жатыр – ИИДМ

Бұл туралы ведомстваның сайтында жазылған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Сәулет органдарында есепке қойылған объектілер бойынша деректерді статистика органдарымен және басқа да органдардың деректер базасымен салыстырып, тексеру жүргізіледі. Бұл бағыттағы жұмысты сәуір айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Сондай-ақ "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" АҚ жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, өңірлерде көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың тіркелген жаңа нысандарының саны бойынша мониторинг жүргізуде. Қазіргі уақытта ревизия Ақмола, Қостанай, Қарағанды және Жамбыл облыстарында жүзеге асырылды.  

Сонымен қатар өңірлердегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының "E-SHANYRAQ" цифрлық жүйесі бойынша да тексеру жұмыстары жүргізілуде. Аталған платформа әртүрлі коммуналдық ақпараттық жүйелерді біріктіріп, мемлекеттік органдар үшін аналитикалық орталық болып табылады. Жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде бюджеттік қаржыландырусыз істейді. Платформаны 2022 жылдың жазында іске қосу жоспарланып отыр.    

Айта кетерлігі, "E-SHANYRAQ" ақпараттық жүйесі – бұл республиканың барлық тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын цифрландыруға мүмкіндік беретін және саланың ашықтығын арттыру барысындағы ауқымды жоба.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу