Жаңа Үкімет: Сенатор Ақмарал Әлназарова Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды

953

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ақмарал Әлназарова Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Жаңа Үкімет: Сенатор Ақмарал Әлназарова Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды Фото: parlam.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалды",- делінген жарлықта.

Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы

Қызылорда облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

Туған күні: 16.02.1971

Туған жері: ҚазКСР; Қызылорда қаласы.

Отбасылық жағдайы: Тұрмыста

Үш баласы бар. 

Қазақ, орыс тілдерін меңгерген. 

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиясы:

Алматы мемлекеттік медицина институты (1994)

"Педиатрия" мамандығы"

Қорқыт ата атындағы университеті (2006)

"Экономист" мамандығы - Экономика бакалавры

Қазақстанда да, шетелде де қосымша оқудан өткен.

Ұйымдастырушы-жоғары санатты гигиенист, жоғары санатты дәрігер-педиатр

Ғылыми атақтары, дәрежелері, қызметі:

Медицина ғылымдарының докторы (2010)

Еңбек өтілі:

Қызылорда қалалық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінің дәрігері;

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының Қызылорда филиалының кіші ғылыми қызметкері (1997-1999);

Бөлім бастығы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары (1999-2001);

Қызылорда облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері (2001-2003);

Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының бастығы (2003-2004);

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің облыстық басқармасының бастығы (2005-2007);

Қызылорда медициналық колледжінің директоры (2007-2013);

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары (02.2013-12.2014);

Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы (12.2014-11.2015);

Қызылорда облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы (11.2015-04.2019);

"Нұр Отан" партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары (04.2019-06.2020)

Сайланбалы қызметтері, депутаттық:

Облыстық мәслихаттың IV және V шақырылымдарының депутаты, Әлеуметтік сала және мәдениет мәселелері жөніндегі комиссияны басқарды;

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына Кандидат (06.2020);

"Аманат" партиясының мүшесі (2007 жылдан бастап)

Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары, құрметті атақтары:

"Парасат" ордені;

"Құрмет" ордені;

Медалдері: "Шапағат", "Астанаға - 10 жыл";

"ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі" төсбелгісі;

Nur Otan партиясы Қызылорда филиалы төрағасының Алғыс хаты (06.2020)

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу