Жаңа үкіметтің ант беру рәсімінен қызықты кадрлар жарияланды

Таиландтың жаңа үкіметі патша Маха Вачиралонгкорн мен патшайым Сутхиданың алдында ант берді.    

Жаңа үкіметтің ант беру рәсімінен қызықты кадрлар жарияланды Фото: oxu.az

Бұл іс-шара Бангкоктағы Дусит сарайында өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Oxu.Az-ға сілтеме жасап. 

Жергілікті дәстүрлерге сәйкес өткен бұл рәсім әлеуметтік желілерде көп қызығушылық тудырып, қызу талқылауға себеп болды.

Заңға сай Премьер-министр әрі Ішкі істер министрі Чарнвиракул және оның құраған жаңа кабинеті патша мен патшайымға құрмет білдіріп, еденде тізерлеп жатып тағзым жасаған.

Еске салайық, рәсімнен соң жаңа Министрлер кабинеті Үкімет үйінде алғашқы отырысын өткізді. Алдағы күндері үкімет өз бағдарламасын парламентке ресми түрде ұсынуы шарт.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу