Жаңа Ұлттық экономика министрі тағайындалды

356

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жаңа Ұлттық экономика министрі тағайындалды Фото: GOV.KZ

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", – делінген хабарламада.  

Серік Жұманғарин 1969 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

Мәскеу Ленин орденді және Октябрь Революциясы орденді энергетикалық интитутын, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған.

1993-2004 жылдары кәсіпкерлікпен айналысқан.

2005-2006 жылдары – Ақтөбе қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бастығының орынбасары; Ақтөбе қаласы Кәсіпкерлік бөлімінің бастығы.

2006-2007 жылдары Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары.

2007-2008 жылдары Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасының бастығы; Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің директоры.

2008-2010 жылдары Индустрия және сауда министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары, Сауданы дамыту департаментінің директоры; "Қазақстандық келісім-шарт агенттігі" АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2010-2011 жылдары "NadLoc" жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі" АҚ басқарма төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары.

2012-2013 жылдары Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаментінің директоры; ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік даму комитетінің төрағасы.

2013-2014 жылдары Өңірлік даму вице-министрі.

2014-2017 жылдары Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы.

2017-2019 жылдары Ұлттық экономика вице-министрі.

2019-2020 жылдары Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқа мүшесі (министр).

2020-2022 жылдары Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы.

2022-2023 жылдары Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі.

2023 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды.

2024 жылғы 6 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды.

Өзінің лауазымдық міндеттері аясында келесі мәселелерді үйлестіреді:

  • сауда саясаты;
  • агроөнеркәсіп кешені;
  • жер қатынастары;
  • ЕАЭО және ДСҰ аясындағы ынтымақтастық.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу