Жаңа Зеландия 2050 жылға дейін көміртек бөлуді тоқтатады

2194

Бастама Париж келісімі шеңберінде жүзеге асырылып отыр.  

Жаңа Зеландия 2050 жылға дейін көміртек бөлуді тоқтатады

Ел парламенті көмірқышқыл газын ауаға бөлуді тоқтату туралы заң жобасын мақұлдады. Құжатта жарияланғандай,  Жаңа Зеландияның мақсаты - Париж келісімі шеңберінде орташа температураның 1,5 градусқа дейін көтерілуін тежеуге үлес қосып, климаттың өзгеруіне қатысты саясатты сауатты түрде жүзеге асыру. 

Жаңа Зеландияның премьер-министрі Джасинда Арден парламентте сөйлеген сөзінде бұл шешімді мақтан тұтатынын жеткізді. 

"Келесі ұрпақ Жаңа Зеландияда климаттың өзгеруіне қарсы күрес жүргізілгенін көреді деп үміттенемін", - деді Арден.

Айта кететін жайт, климат бойынша Париж келісімі 2015 жылы 12 желтоқсанда Парижде қабылданып, 2016 жылдың 4 қарашасында күшіне енді. Ол климаттың өзгеруіне әлем елдерінің назарын аударуға бағытталған. Бастапқыда құжатқа 175 ел қол қойған. Қазіргі таңда келісімге 197 мемлекет мүше, оның 185-ы құжатты ратификациялаған. 2017 жылы тамыз айында АҚШ Париж келісімінен шығуға ниетті екенін жариялаған болатын. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу