Жаңа Зеландия климаттың өзгеруінен зардап шеккен елдерге $911 млн бөледі

808

Оның кем дегенде 50%-ы Тынық мұхиты елдеріне беріледі.

Жаңа Зеландия климаттың өзгеруінен зардап шеккен елдерге $911 млн бөледі

Жаңа Зеландия үкіметі климаттың өзгеруінен зардап шеккен елдерді қолдауға 1,3 миллиард жаңазеландиялық доллар (911 миллион доллар) жұмсайды, деп хабарлайды Inbusiness.kz ел үкіметінің басшысы Джакинда Ардерннің мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

"Үкімет бұл соманы төрт жыл ішінде бөледі. Оның кем дегенде 50%-ы Тынық мұхиты елдеріне бағытталады, өйткені олар қазір жаһандық жылынудың әсеріне бейімделуде", – деді премьер-министр.

Ардерн Жаңа Зеландия климаттың өзгеруімен күрес жүргізуге өз үлесін қосатынын және табысы төмен елдерге көмектесетінін атап өтті.

"Біз әсіресе Тынық мұхиты мемлекеттеріне көмек көрсетуіміз керек. Бұл инвестициялар дамушы елдердегі энергетикалық жобаларды демеп, жойқын дауылдар мен құрғақшылық, су тасқыны және теңіз деңгейінің көтерілуі кезінде инфрақұрылымның тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектеседі", – деп айтты үкімет басшысы.

Жоспар бойынша, қаржыландыру 2022 жылдан 2025 жылға дейін жүзеге асырылады.

Табиғат Нұрболат

Фото: istockphoto.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу