Жаңа Зеландия шенеуніктерін қарапайым, түсінікті тілде сөйлеуге міндеттеді

690

The Plain Language Act – "Қарапайым тіл туралы заң" – бюрократиялық аппаратты күрделі тұжырымдар мен жоғары мамандандырылған терминдерден арылтуы керек.

Жаңа Зеландия шенеуніктерін қарапайым, түсінікті тілде сөйлеуге міндеттеді

Жаңа Зеландия Парламенті шенеуніктерді азаматтармен қарым-қатынас кезінде қарапайым әрі түсінікті тілде сөйлеуге міндеттейтін заң қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz The Guardian газеті.

Үкімет мұндай заңның қабылдануы демократияны, әсіресе ағылшын тілін шет тілі ретінде білетіндер үшін, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар адамдар мен білімі төмен адамдар үшін инклюзивті етуге мүмкіндік береді деп сендіреді.

Оппозиция Заңды сынға алып, билікке келген жағдайда оны жоюға уәде берді. Саясаткерлер қарапайым әрі түсінікті тіл үшін күресу одан да көп бюрократияны тудырады деп санайды – шенеуніктерді қадағалап, олардың қарым-қатынасын талдауға тура келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу