Жаңа Зеландияда алып пингвиннің қаңқасы табылды

1581

Оның биіктігі шамамен 160 сантиметрді құрайды. 

Жаңа Зеландияда алып пингвиннің қаңқасы табылды

Жаңа Зеландияда Зенкенберг атындағы зерттеу орталығы және музейінің ғалымдары ежелгі пингвиннің қаңқасын тапқан. Олардың айтуынша, оның биіктігі 160 сантиметрге дейін жетеді.

Оның есімін Crossvallia waiparensis деп қойған. Пингвин елдің Вайпар қаласы маңынан табылды.

Осы күнге дейін зерттелген ежелгі пингвиндер палеоцен дәуірінде, шамамен біздің дәуірімізге дейін 55 мың жыл өмір сүрген. Олар көбіне Жаңа Зеландия және Антарктида аймақтарын мекен еткен. Былтыр археологтар биіктігі 177 см болатын пингвинді тауып алған еді. 

Бұрын Ресей, Германия, Бельгия және Нидерланды мемлекеттерінің ғалымдары Сібірде 14 мың жыл бұрын өмір сүрген ежелгі қасқырдың қаңқасын қалпына келтірген болатын. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу