Жаңа Зеландияда атыстан қаза болғандардың саны 50-ге жетті

673

Тағы 11 адам ауыр халде.

Жаңа Зеландияда атыстан қаза болғандардың саны 50-ге жетті

Жаңа Зеландиядағы мешіттерге шабуылдан қаза тапқандардың саны артып, 50-ге жетті, деп хабарлайды 24.kz.

Ауруханада жатқан Саудияның азаматы алған жарақатынан көз жұмды. Тағы 11 адам ауыр халде.
Жапа шеккендерге қолдау орталығы ашылған. Ал шабуылды ұйымдастырған 28 жастағы австралиялық Брентон Тарранттың қамауы ұзартылды. Тағы екі күдіктіден жауап алынып жатыр.

Жаңа Зеландия билігі қаруды иелену туралы заңға өзгеріс енгізу мүмкін екенін мәлімдеді.

Еске сала кетейік, кеше Жаңа Зеландияның Крайстчёрч қаласында белгісіз біреулер екі мешітке кіріп, жұма намазына жиналған адамдарға оқ жаудырған. 50 адам қаза тауып, тағы елуге жуық тұрғын жарақат алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу