Жаңа Зеландияда екі мешітте атыс болып, 40 адам көз жұмды

2343

Жараланғандар саны 30-ға жуық.

Жаңа Зеландияда екі мешітте атыс болып, 40 адам көз жұмды

Жаңа Зеландияның Крайстчерс қаласындағы екі мешітте лаңкестер шабуыл жасап, 40 адам қайтыс болды. Жараланғандар саны 30-ға жуық, деп хабарлайды Atameken Business.

Әзірге 4 күдікті ұсталды. Оның бірі Австралия азаматы болып шықты. Ол әлеуметтік желі арқылы экстремистік манифесін жариялап үлгерген. Қазір олардың сыбайластары іздестіріліп жатыр.

 "4 күдіктіні тергеп жатырмыз. Үшеуі ер адам, біреуі әйел. Қазір екі мешіттің де маңы қоршалып, тексеріс жүргізіліп жатыр. Осындай жағдай басқа да қоғамдық орындарда болмас үшін, мекемелерде жұмыс, мектептерде сабақ тоқтатылды", –дейді Жаңа Зеландия полициясының өкілі Майк Буш.

"Әл-нұр" деп аталатын мешіт қаланың орталығында орналасқан. Екіншісі де соның жанында. Қазір қауіпсіздікті сақтау мақсатында мінәжат ету орталықтарының барлығы уақытша жабылды.

"Атыс болған кезде мешіттің ішінде ерлер де әйелдер де, кішкентай балалар да болған. Екі жерде мінәжат еткендерді қосқанда шамамен 350-500 адам болуы керек. Өйткені жұма күні орталыққа халық әдеттегіден көп жиналады", – дейді Ислам қауымдастығының жетекшісі Мустафа Фарук.

 Жаңа Зеландия халқының 1,2 пайызы ғана – мұсылман. 2006-2013 жылдар аралығында ислам дінін ұстанған тұрғындар саны 28 пайызға өскен. Оның 26 пайызы – жергілікті тұрғын, қалғаны – шетел азаматтары. Бұл ең соңғы санақ қорытындысынан алынған дерек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу