Жаңа Зеландияда міндетті вакциналауға қарсы ереуіл басталды

1302

50 адам қамауға алынды.

Жаңа Зеландияда міндетті вакциналауға қарсы ереуіл басталды

Жаңа Зеландияда жүздеген адам міндетті вакциналауға қарсы наразылық шарасына қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Ресми мәлімет бойынша, полиция Веллингтондағы парламент ғимараты жанындағы ереуілге қатысқан 50 шақты адамды қамауға алды. Бас көтергендер сол маңда лагерь құрып, эпидемиологиялық шектеулер алынып тасталғанға дейін ешқайда кетпейтінін мәлімдеді. Наразылық шарасы барысында демонстранттар мен тәртіп сақшылары арасында қақтығыс болды.

Бұған дейін Канадада да вакциналауға қарсы жаппай ереуілдер өткен болатын. 7 ақпанда Канада астанасының мэрі Джим Уотсон жүк көлігі жүргізушілерінің наразылығына байланысты Оттава қаласында төтенше жағдай жариялады. Олар екпе салдырмағандарға АҚШ-тан оралғаннан кейін 14 күндік карантинге жатқызу туралы шектеу пакетінен бас тартуды талап етуде.

Табиғат Нұрболат

Фото: gettyimages.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу