Жаңа жедел жәрдем станциясын бұзу туралы шешім қабылданды

640

Қарағанды экономикалық соты мердігер компания "ТехСтройСнаб ЛТД-ға" қатысты шешім шығарды.

Жаңа жедел жәрдем станциясын бұзу туралы шешім қабылданды

Қарағандыда жаңа жедел жәрдем станциясының ғимараты пайдалануға берілмей жатып, қайта бұзылатын болды. Мұндай шешімді Қарағанды экономикалық соты мердігер компания "ТехСтройСнаб ЛТД"-ға қатысты шығарды. Оған сәйкес, құрылыс компаниясы 9 ақпанға дейін кеткен кемшіліктерді жөнге келтіруге тиіс, деп хабарлайды Atameken Business.

Қарағанды облысының сәулет және қала құрылыс басқармасы бұл олқылықтарды әу бастан-ақ аңғарған. Алайда, мердігер ескертулерге құлақ аспай келгендіктен, сотқа жүгінген.

№ 1 қалалық аурухананың аумағында орналасқан жаңа жедел жәрдем станциясы өткен жылдың маусым айында пайдалануға берілуге тиіс еді. Ал "ТехСтройСнаб ЛТД" компаниясы нысанды салуға қатысты өткен тендерді 33% жеңілдікпен ұтып алған. Соның арқасында сметалық құны 528 млн теңгеден 353 млн теңгеге дейін төмендеген.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу