Жаңа жүйе шағымдарды бюрократиясыз қарауға мүмкіндік берді

904

Биыл тергеу органдары 17 мыңнан астам шешім қабылдады. Прокурорлар 13 мыңнан астам шешімді мақұлдады. Тергеу сапасының артуына қылмыстық іс жүргізудің 3 деңгейлі жүйесі ықпал етті.

Жаңа жүйе шағымдарды бюрократиясыз қарауға мүмкіндік берді

Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының орынбасары Елдос Қилымжанов осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қылмыстық іс жүргізудің 3 деңгейлі жүйесі прокурордың қылмыстық істі тергеп-тексерудегі жауапкершілігін күшейті және оның шешімі қылмыстық процестегі негізгі шешімнің бірі болатынын көрсетті. Бұдан былай күдікті деп тану, күдіктінің іс-әрекетін саралауды белгілеу, қылмыстық құқық бұзушылықты талдау, сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімін үзу, тоқтату туралы шешімдер, сондай-ақ қылмыстық теріс қылық туралы хаттама прокурордың келісімінсіз мақұлданбайды", – деді Елдос Қилымжанов. 

Оның айтуынша, прокурорлардың келісімімен қабылданған шешімдер ел азаматтарының қылмыстық ісін қарау кезіндегі құқық бұзушылықты 4 есе төмендетті. 

"Қылмыстық іс жүргізудің 3 деңгейлі жүйесі тергеудің барлық кезеңін бақылауға, шағымдарды бюрократиясыз қарауға мүмкіндік берді", – деді прокурордың орынбасары.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу