Жаңа жыл алдында бағалар өсе ме?

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровқа БАҚ өкілдері "Жаңа жыл алдында азық-түлік бағасы қымбаттай ма?" деген сауал қойды. 

Жаңа жыл алдында бағалар  өсе ме?

"Мұндай болжам жасай алмаймын. Бұл Ұлттық банктің мәселесі. Бірақ инфляцияны тұрақтандыруға тырысамыз. Үкімет пен министрліктің басты міндеті – инфляцияны тежеу. Ал бағалар бір қарқынмен өсуі керек", – деді ведомство басшысы.

Кей тауарлар бағасы қазірдің өзінде өсті. Алайда министр бұл әлеуметтік маңызды тауарлар емес екенін ескертті.

"Мандарин базалық тұтыну тауары болып есептелмейді. Адамдар аз мөлшерде сатып алатын мыңдаған өнім түрі бар. Олардың бағасы базалық тұтыну тауарларының бағасына әсер етпейді. Сондықтан, мандарин бағасына сілтеудің қажеті жоқ. Ең бастысы, базалық өнімдер бағасының тұрақты болуын қамтамасыз ету қажет. Оның ішінде әлеуметтік маңызы бар өнімдерді атап өткен жөн", - деді Әлібек Қуантыров Үкімет отырысынан кейін.

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу