Жаңа жыл қарсаңында Алматы – Астана бағытында қосымша пойыздар жүреді

1034

Жалпы билеттер сатылымы 45 күн бұрын ашылады.

Жаңа жыл қарсаңында Алматы – Астана бағытында қосымша пойыздар жүреді Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы "ҚТЖ" ұлттық компаниясы" АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

"Бүгінде Алматы мен Астана бағыттарында билеттер жоқ деуге болады. Себебі билеттер сатылымға 45 күн бұрын шығады. Алдын ала жоспарлаған тұрғындар пойыз билеттерін 40-45 бұрын сатып алған. Осы жағдайды назарға ала отырып, біз қосымша пойыздарды жолға шығаратын боламыз. Соның ішінде Алматы – Астана бағыттары бойынша екенін атап өту қажет", - деп жауап берді спикер тілшілердің сауалына. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу