Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағасы қымбаттауы мүмкін

306

Сауда және интеграция министрлігі мәлімдеме жасады.

Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағасы қымбаттауы мүмкін Фото: inbusiness.kz

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев жаңа жылда азық-түлік бағасы қалай өзгеретінін айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Арман Шаққалиев баға мониторингінің кейінгі мәліметтерін ұсынды.

"Қазақстанда баға мониторингін Ұлттық статистика бюросы жүргізеді, біз бұл деректерді үнемі қолданамыз. Кейінгі мәліметтерді айтайын. Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі өзгеріссіз болды. Онда 19 позиция бар екенін еске сала кетейін. Жай ғана өзгеріс жоқ. Жаңа жылдық қоржынға қатысты дастарханның баға индексіне сай белгілі бір болжам бар. Біз шартты түрде 37-ге жуық тауарды алдық. Кейбір позицияда белгілі бір өзгеріс бар. Мысалы, жұмсақ қаптамадағы сүт, мандарин, шампан сияқты", - деді министр.

Ол бағаның көтерілу себебін де тізіп берді.

"Шамамен 10,3% жылдық инфляциямыз бар. Жаңа жылдық қоржын үшін ол шамамен 10-10,7% болады. Иә, өзгерістер бар. Бәріміз Жаңа жылда әрдайым тойлаймыз. Бұл - маусымдық кезең. Оның ішінде мереке қарсаңында бағаның өскені байқалады. Дегенмен оның индекстер шегінде белгілі бір мәні бар", - деп түсіндірді Сауда министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу