Аяз ата қызметі 30%-ға қымбаттаған

1656

OLX.kz онлайн-хабарландыру сервисін негізге алар болсақ, жасанды шыршадан гөрі тірі шыршаға сұраныс көп, жаңа жылдық фотосессия мен аяз ата шақыртудан гөрі үйдің декоры мен безендірілуіне көбірек мән беріледі. 

Аяз ата қызметі 30%-ға қымбаттаған

Ал үздік сыйлық ретінде электроникаға (телефон, теледидар және телефонға арналған аксессуарлар) тапсырыс жоғары. Бұл зерттеуді осы сервистің өз сарапшылары жүргізді, деп хабарлайды InBusiness.kz.

"Шырша бағасы шамамен 17 мың, ал жасанды шырша – 22 мың теңге. Тірі шыршаға деген қызығушылық төрт есе көп. Әсіресе, Алматыда. Ал Ақтауда мүлде төмен", – дейді сарапшылар.

Мамандар, былтырғы жылмен салыстыра отырып, жаңа жылға арналған фотосессияға қызығушылық – төрт есе, ұсыныс екі есе төмендегенін хабарлайды. Фотосессия құны, орта есеппен 17%-ға өскен. Аяз атаның қызметі былтырғыдан 30%-ға қымбат. Құттықтауына былтырғыдан 20% аз ұсыныс түскен.

"Халық үйді безендіруге көбірек қызығады. "Үйге арналған жаңа жылдық безендірулер" сұранысы 2020 жылмен салыстырғанда 26%-ға өсті. Безендіруге, орта есеппен 4 000 теңге кетеді", – дейді мамандар.

Қоса кетейік, ТОП-3 сыйлыққа "Сыйлық жиынтықтары", "Киндер сюрприздер" және "Шарлар" кірді.

Ескертпе: бұл зерттеуге бүкіл Қазақстан бойынша биылғы және былтырғы 1-20 желтоқсан аралығындағы деректер алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу