Баспаналар жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен көпбалалы отбасыларға, әлеуметтік осал топтағы азаматтарға және бюджеттік және мемлекеттік қызметкерлер санаты бойынша кезекте тұрған 20 отбасына тапсырылды.
Сондай-ақ осы күні жер кезегінде тұрған 6 қазығұрттық азаматқа жер учаскесінің құжаттары табысталса, аудан орталығында балаларға арналған 3 ойын алаңшасының ашылу салтанаты өтті.
Қазығұрт ауданының әкімі Арман Абдуллаев барша қуаныш иелерін мерекемен құттықтап, жаңа үйдің және балалар алаңшаларының лентасын қию рәсіміне қатысты. Пәтер және жер иелерінің, жалпы аудан тұрғындарының қуанышымен бөлісіп, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатынын жеткізді.