Жаңа жыл қарсаңында Маңғыстауда 12 сәби өмірге келген

495

Облыстық көпбейінді аурухананың перинаталдық орталығында 3 қыз бала және 1 ұл бала дүние есігін ашқан. 

Жаңа жыл қарсаңында Маңғыстауда 12 сәби өмірге келген  Фото: pixabay.com

Маңғыстау облысында жаңа жыл қарсаңында 12 сәби өмірге келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Маңғыстау облыстық "Ана мен бала" орталығында 8 сәби дүниеге келді. Оның бесеуі ұл, үшеуі қыз бала", - деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы.

Ал, Маңғыстау облыстық көпбейінді аурухананың перинаталдық орталығында 3 қыз бала және 1 ұл бала дүние есігін ашқан.

Мамандардың айтуы бойынша, жаңа жыл қарсаңында туған нәрестелер мен аналарының жағдайы жақсы.

Айта кету керек, Маңғыстау облысы бала туу көрсеткіші бойынша республикада алдыңғы қатарда тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу