Оның сөзінше, жаңа жыл кеші өтетін ғимаратқа қойылатын арнайы талаптар бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Адамдар жаппай жиналатын іс-шара ұйымдастырған кезінде кемінде 2 "эвакуация есігі" болу керек. Жаңа жылдық іс-шараны жанғыш жабыны бар ғимараттың екінші қабаттан жоғары бөлігінде өткізуге болмайды, – деп нақтылап өтті ол.
Маманның дерегінше, ғимарат ішін әсемдек кезінде өрт қауіпсіздігінің ережелерін қатаң сақтау маңызды саналады.
– Әшекей шамдарды электрге дұрыс жалғау қажет. Ғимараттың электр жүйесінде төмендеткіш трансформатор болмаса, шыршаға тағылатын шамдар тізбегінің кернеуі 12 вольттен аспау керек, – деп қатаң ескертті төтенше жағдай қызметінің өкілі.
Бұдан бұрын Үкіметтің тапсырмасымен полиция жаңа жылға күшейтілген режиммен кіріскенін жаздық.