Жаңа жыл күні жедел жәрдем қызметіне 56 мыңнан астам шақырту түскен

730

Оның ішінде 1-3 шұғыл санаттағы шақыртулар 34 мыңды құрады, 4 санат бойынша 22 мың шақырту түсті.

Жаңа жыл күні жедел жәрдем қызметіне 56 мыңнан астам шақырту түскен Фото: ҚР ДСМ баспасөз қызметі

Жаңа жыл күндері шұғыл медициналық қызмет қарқынды кестеде жұмыс істеды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен жылдың соңғы екі күнінде ел бойынша жедел медициналық жәрдем пультіне тұрғындардан 56 мың шақырту келіп түсті. Оның ішінде 1-3 шұғыл санаттағы шақыртулар 34 мыңды құрады, 4 санат бойынша 22 мың шақырту түсті.

Бұл ретте ең көп шақыртулар Алматы қаласында – 5800, Алматы облысында – 5000-нан астам, Түркістан облысында-460-тан астам және Астана қаласында –4000-нан астам шақырту, Шымкент қаласында - 3000-нан астам шақырту болды.

"Жаңа жылдық мерекелерде ел халқына жедел медициналық көмек көрсету үшін бір ауысымда 1 503 ЖМК бригадасы, оның ішінде 273 бригада мамандандырылған (дәрігерлік) және 1 230 фельдшерлік бригада жұмыс істейді.

МСАК ұйымдарында 4 санаттағы шақыртуларға қызмет көрсету үшін 464 бригада жұмыс істейтін болады", - делінген министрлік хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу