Жаңа жыл мерекесінде отшашудың кесірінен 63 адам жарақат алған

321

Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккендерге толық медициналық көмек көрсетіліп жатқанын хабарлады.

Жаңа жыл мерекесінде отшашудың кесірінен 63 адам жарақат алған Фото: finance.bigmir.net

Жаңа жыл мерекесінде Қазақстанда пиротехникалық заттарды пайдалану салдарынан 63 адам зардап шекті, оның ішінде 20-сы бала, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

4 қаңтарда Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, зардап шеккендердің 12-сі, оның ішінде 5 бала ауруханаға жатқызылды. Ал 51 науқас, оның ішінде 15 бала амбулаторлық ем алып жатыр.

Алматыда – 19 адам, Жамбыл облысында – 11 адам, Қарағанды, Маңғыстау және Қостанай облыстарында, сондай-ақ Шымкентте 6 адам жарақат алған. Ақтөбе облысында 2 адам, Ақмола, Қызылорда, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы және Абай облыстарында бір адамнан зардап шеккен.

Зардап шеккендердің барлығына көз жарақаты, қасаң қабықтың күюі, күйік және қолдың жарақаты диагнозы қойылды. Науқастардың бірі іштің алдыңғы қабырғасының жарақатын алған, жағдайы орташа ауыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу