Жаңа жыл мерекесінде жол қызметі күшейтілген жүйемен жұмыс істейді

260

"ҚАЖСервис" мекемесінің жол қызметі жаңажылдық мереке күндері күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа жыл мерекесінде жол қызметі күшейтілген жүйемен жұмыс істейді Фото: ҚазАвтоЖол

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы күтіп-ұстау жұмыстарына 1 200 бірлік арнайы техника мен 1 500 жол қызметінің мамандары жұмылдырылады.

"Құрметті жүргізушілер! Жол қозғалысының қауіпсіздік ережелерін және жылдамдық режимін сақтауды, сондай-ақ рөлге сау күйлеріңізде отыруды естеріңізге саламыз. Жолдағы қауіпсіз қозғалыс – өзіңізге байланысты", – делінген хабарламада.

Республикалық автожолдардағы жағдай туралы өзекті ақпаратты "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының ресми сайтынан, Sapar мобильді қосымшасынан және тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығына хабарласып біле аласыздар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу