Жаңа жыл мерекесіне орай қанша күн демалыс беріледі

2731

Жаңа жыл мерекесіне орай қанша күн демалыс беріледі

Биыл демалыс сенбі, 29 желтоқсаннан дүйсенбі – 31 желтоқсанға ауыстырылады. Осылайша, Қазақстанда 30 және 31 желтоқсан, сондай-ақ 1 және 2 қаңтар (жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі) демалыс болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жаңа, 2019 жылдың алғашқы жұмыс аптасы қысқа болады, ал екінші аптасында православтардың Рождество мерекесі тойланады: 7 қаңтарда қазақстандықтарға демалыс беріледі.

Қазақстанда желтоқсан айында мереке көп – 1 желтоқсанда Тұңғыш Президент күні аталып өтеді (ол сенбіге түсетіндіктен, қосымша демалыс күні 3 желтоқсан, дүйсенбіге ауыстырылды). Қазақстанның Тәуелсіздігі күні 16 және 17 желтоқсанда тойланады (биыл 16 желтоқсан жексенбіге түсетіндіктен, қосымша демалыс күні – 18 желтоқсан).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу