31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні қала тұрғындары мен қонақтары жаңажылдық отшашуды тамашалай алады, деп хабарлайды Елорда инфо қала әкімдігіне сілтеме жасап.
"Фейерверкті Есіл өзенінің жағалауынан, Ботаникалық бақ аумағынан, сондай-ақ Абылай хан даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысынан көруге болады. Салют жергілікті уақыт бойынша сағат 00:00-де басталып, 6 минутқа созылады. Фейерверк биіктігі-210 метр, ені-250 метр. Әр нүктеден 3500-нан 4000-ға дейін салют ату жоспарланған", - делінген хабарламада.
Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, салютқа бюджеттен қаражат бөлінбеген және ол толығымен демеушілік қаражат есебінен өткізіледі.