Жаңа жыл қарсаңында республика перзентханаларында 191 сәби, 101 ұл және 90 қыз дүниеге келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мереке түнінде туған нәрестенің ең көбі Түркістан облысында тіркелді — 38 бала, екінші орындағы Шымкент қаласында 23 бала дүниеге келді.
Алматыда 22 ерлі-зайыпты отбасының жаңа мүшесі өмірге келгенін сүйіншіледі.
Республика астанасында Жаңа жыл қарсаңында 10 бала дүние есігін ашты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу