Дүниеге 12 қыз бала мен 12 ұл бала келді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты қоғамдық денсаулық басқармасына сілтеме жасап.
1 қаңтарда сағат 00:00-ден 12:00-ге дейін елорданың перинаталдық орталықтарында 24 нәресте туған. Олардың 12-сі – ұл, 12-сі – қыз бала", - делінген басқарманың хабарламасында.
"Біздің перинаталды орталықта сағат 00:00-ден 13 әйел босанды. Дүниеге 6 ұл, 7 қыз бала келді. Бұл әдеттегіден айтарлықтай артық. Бізде бір тәулікте 30 әйел босанады. Жаңа жыл түні перзентхана әдеттегі кестесіне сәйкес жұмыс істейді. Жүктеме үлкен, проблемалы босанулар болуы мүмкін. Бұл мерекемен біз барлығын құттықтаймыз. Аяз ата да келді", - деді №3 перинаталды орталықтың бас дәрігері Зайтуна Хамидуллина.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгін Астанада тағы да 50 бала дүниеге келеді деп болжануда.