Жаңа жыл түні Қызылордада 176 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді

471

31 желтоқсанда "102" арнасына 98 қоңырау келіп түскен.

Жаңа жыл түні Қызылордада 176 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді Фото: Inbusiness.kz

Қызылордада Жаңа жыл түнінде тәртіпті сақтауға мыңнан астам полицей жұмылдырылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

31 желтоқсанда "102" арнасына 98 қоңырау келіп түсіп, облыс көлемінде 176 әкімшілік құқық бұзушылық, оның ішінде 105 ЖҚЕ бұзу деректері анықталды.

"Іс шара барысында тәртіп сақшыларымен мүлдем төзбеушілік принципі бойынша ұсақ бұзақылықтың 10 дерегі, спирттік ішімдікті ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде келудің - 29, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүруінің 15 дерегі анықталды. Көлік құралын мас күйінде тізгіндеген 3 жүргізуші анықталса, көлік құралын басқару құқығынан айрылған 3 жүргізуші ұсталып, барлығына тиісті әкімшілік хаттамалар толтырылып, әкімшілік сотқа жолданды", - делінген хабарламада.

Жаңа жыл түні қызылордалық полицейлер қоғамдық қауіпсіздікті тиісті деңгейде қамтамасыз етіп, қандай да бір оқыс оқиғаларға жол берілген жоқ. Полиция қызметкерлері күшейтілген қызметтерін жалғастыруда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу