Жаңа жыл түнінде еліміз бойынша 254 сәби дүниеге келді

246

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.  

Жаңа жыл түнінде еліміз бойынша 254 сәби дүниеге келді Фото: ortcom.kz

Туған нәрестелердің саны жынысы бойынша  ұлдар мен қыздар бірдей. Олардың ішінде Ақтөбе облысында бір егіз дүниеге келді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Дәстүрлі түрде ең көп нәресте туған өңірлер:

  • Түркістан облысы – 29 бала;
  • Шымкент қаласы – 24;
  • Астана қаласы – 22;
  • Алматы қаласы – 21.

Денсаулық сақтау министрлігі "Аналар саулығы" бағдарламасы шеңберінде экстрагениталдық патологияларды анықтау, жоспарланған жүктілікке дейін зерттеп-қараулар мен сауықтыру мақсатында профилактикалық қарап-тексерулер мен прегравидарлық дайындық жүргізуде.

2025 жылдың қорытындысы бойынша прегравидарлық дайындықпен қамту 11%-ға артып, әйелдердің 46,5%-ын құрады.

Жүктіліктің 10 аптасына дейін ерте есепке тұрған жүкті әйелдердің саны 25%-ға өсті. Бұл әрбір болашақ анаға жеке мультидисциплинарлық тәсілді қамтамасыз етуге, сапалы антенаталдық күтім көрсетуге, қауіпсіз босануға және босанғаннан кейінгі бақылауды жүргізуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу