31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні Қапшағай қаласының орталығында орнатылған мерекелік шырша өртке оранды. Мұны куәгерлер телефонға түсріп алып, әлеуметтік желіде таратыпты.
Көп ұзамай оқиға орнына жеткен Алматы облысының өрт сөндірушілері өртті сөндірді. Оқиғаның салдарынан жараланғандар мен қаза болғандар жоқ.
Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің өкілі Руслан Иманқұлов шыршаның өртенгенін растады. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу