Жаңа жылдан бастап әйелдерге арналған ипотека іске қосылмақ

1810

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегілер жаңа жоба ауылды жерлерде тұратын қыз-келіншектердің 60 пайызын қамтиды деген  пікірде.  

Жаңа жылдан бастап әйелдерге арналған ипотека іске қосылмақ

Бұл жайында қалалық тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.

Азия даму банкі мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арасындағы келсімге сәйкес жаңа жобаға  38 млрд теңге бөлінген. Келісім бойынша жаңа салынып жатқан үйлер мен қатар, қайталама нарықтағы баспана да қарастырылады. Несие 30 млн теңгеге дейін беріледі. Егер жалақы 200 мыңнан төмен болса алғашқы жарна ретінде жалпы соманың 15 пайызын құю керек. Ал 200 мыңнан жоғары болған жағдайда 20 пайыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу