Қазақстандықтар жаңа жылда 4 күн демалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстандықтар жаңа 2018 жылды жексенбіден дүйсенбіге қараған түні қарсы алады. Жаңа жылдық демалыс төрт күнге, атап айтқанда 2017 жылдың 30 - 31 желтоқсанынан (сенбі және жексенбі) және 2018 жылдың 1-2 қаңтарына (дүйсенбі және сейсенбі) созылады.
Еске сала кетейік, желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күні және Тәуелсіздік күні мерекелері аталып өтіледі. Осыған байланысты адамдар қосымша үш күн демалуға мүмкіндік алады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу