Жаңа жылда үйге Аяз ата шақыруға тыйым салынды

989

Шаһарда мониторингтік топтардың тексерісі жиілейді. Бұл туралы Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында айтты. 

Жаңа жылда үйге Аяз ата шақыруға тыйым салынды

"25 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында үйге аниматорлар, оның ішінде Аяз ата, Ақшақар және өзге де кейіпкерлер бар агенттіктер шақыруға тыйым салынады", - деді Жандарбек Бекшин. 

 Сонымен қатар ол мереке күндері мегаполисте мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілетінін ескертті. 

"Бұған қоса, қалада соңғы қаулыға сәйкес тыйым салынған қызмет түрімен айналысатын компанияларға ғимарат жалға берген кәсіпкерлер де жазаланады", - деді спикер. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу