Жаңа жылдан бастап БАӘ-де жұмыс аптасы қысқарады

899

Демалыс күндері болып сенбі және жексенбі, жұманың бірінші жартысы бекітілді.

Жаңа жылдан бастап БАӘ-де жұмыс аптасы қысқарады

Біріккен Араб Әмірлігіндегі мемлекеттік мекемелер 1 қаңтардан бастап төрт жарым күндік жұмыс аптасына ауысады. Яғни тұрғындар жұманың екінші жартысынан бастап жексенбі аяқталғанға дейін демалады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Ел билігінің ойынша, мұндай шешім еңбек өнімділігіне оң ықпалын тигізіп, жұмыс пен демалыс арасындағы тепе-теңдікті жақсартпақ.

"Аптаның демалыс күндері жарты күнге созылады. Демалыс күндері болып сенбі және жексенбі, жұманың бірінші жартысы бекітілді. Жұма күнгі ресми жұмыс уақыты – 4,5 сағат, яғни 7:30-дан 12-ге дейін", – деп жазылған ресми мәлімдемеде.

БАӘ билігі жұма намазы бір уақытта өтетінін, жергілікті уақыт бойынша 13:15-тен басталатынын мәлімдеді. Мемлекеттік мекеме қызметкерлері жұма күні қашықтан жұмыс істей алады.

Табиғат Нұрболат

Фото: gulftoday.ae

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу