Жаңа жылдан бастап қай сала мамандарының жалақысы өседі?

1572

Қараша айындағы жағдай бойынша жоғары жалақы алатындардың үштігіне Атырау облысы, Нұр-Сұлтан және Маңғыстау облысы кіреді.  

Жаңа жылдан бастап қай сала мамандарының жалақысы өседі?

Елімізде келесі жылдың бірінші күнінен бастап бірқатар жәрдемақылар, шәкіртақы, жалақы көлемі өзгереді, деп хабарлайды Atameken Business.

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт мәлімдеген болатын. Осыған сәйкес, қаңтар айында IT, маркетинг, қаржы, құрылыс, жылжымайтын мүлік, туризм, қонақүй бизнесі салалары қызметкерлерінің жалақысы айтарлықтай өседі. Олар айына 2 миллион теңгеге дейін табыс табуы мүмкін. Жеке меншік компанияларда еңбек ететіндердің айлығы 30 пайызға артады.

Сонымен қатар, Президенттің тапсырмасы бойынша мектеп мұғалімдері мен ЖОО оқытушыларының жалақысы 30-50 пайызға көбейеді.

Айта кетейік, бүгінде қазақстандықтың орташа жалақысы 191 мың теңгеден асады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу