Жаңа жылдан бастап "Қазпошта" барлық сәлемдемелерді тек ашық күйінде қабылдайды

1470

Бірақ заңды тұлғалардікі бұрынғыша жабық күйінде қабылдана бермек.

Жаңа жылдан бастап "Қазпошта" барлық сәлемдемелерді тек ашық күйінде қабылдайды Фото: informburo.kz

Елімізде пошта жіберу тәртібі өзгерді, деп хабарлайды КТК.

Соңғы кезде пошта арқылы есірткі, қару-жарақ пен жарылғыш заттарды тасымалдау дерегі жиілеген. Сол үшін енді адамдар сәлемдемесін алдымен пошта қызметкеріне көрсетіп, кейін сол жерде қорапқа салып, жолдайды.

"Сәлемдемелермен заңға қайшы нешетүрлі заттар жіберіліп жатыр. Сондай заттар жіберілмеуі керек. Біздің қызметкерлер мен тұтынушылардың қауіпсіздігі бұл", – дейді "Қазпошта" АҚ пошталық бизнес департаментінің басшысы Қайрат Мекенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу