Жаңа жылдан бастап коммуналдық тариф бағасы өседі

875

Жаңа жылдан бастап коммуналдық тариф бағасы өседі

Тариф құны инфляцияға байланысты өзгереді, деп хабарлайды 24.kz.

Ал инфляция көлемі бір пайыздан аспайды. Оған қоса еліміз ұзақ мерзімді тарифтерге көшкен. Бұл туралы инвестициялар энергетиканы реттеу бойынша ERRA-ның 16-шы конференциясында айтылды.

Ұлттық экономика министрінің орынбасарының мәліметінше, тарифтер құнында айтарлықтай өзгеріс болмауы тиіс. Жалпы халықаралық шараға тарифтерді реттеуші отыздан астам елдің өкілі келіп отыр. Қазақстанда бұл жиын бірінші рет өтіп жатыр. Жиын ертең де жалғасын табады.

Айта кетейік, еліміз 2000 жылдан бері ERRA-ның мүшелігіне өткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу