Жаңа жылдан бастап тегін берілетін дәрі-дәрмектің саны артады

808

Жаңа жылдан бастап тегін берілетін дәрі-дәрмектің саны артады

2018 жылдан бастап елімізде тегін берілетін дәрі-дәрмек саны артады. Бұрын тек ауруханадан сатып алатын кей препараттар енді үй жағдайында емделуге беріледі, деп хабарлайды 24.kz.

Жаңа тізімге 50-ге жуық ауру түріне арналған 274 дәрі енгізілген. Ал бұл дәрілерді электронды нұсқаулық бойынша алуға да мүмкіндік туады.

Жалпы тегін дәрі-дәрмек тізімі жыл сайын жаңарып тұрады. Қайта жасақталған қазіргі тізімнің тиімділігі дәлелденген жаңа препараттармен толықпақ. Айталық, ауыр дерт саналатын Бехтерев ауруына берілетін ем де осы қатарға қосылды. Жүректің ишемиялық ауруын емдеуде арналған заманауи дәрілер де бар. Тек тегін дәрі тұрғындардың бәріне тиесілі емес. 
Ал осы дәріні беретін маманның жұмысы тағы жеңілдей түседі. Себебі, денсаулық сақтау саласын цифрлық жүйеге енгізу мақсатында дәрігер нұсқаулығы электронды түрде берілетін болады.  Жаңа жылдан бастап еліміздің барлық емханалары осы жүйеге енгізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу