Жаңа жылдық безендіруге қай қала көп қаржы жұмсағаны белгілі болды

851

Жаңа жылдық безендіруге қай қала көп қаржы жұмсағаны белгілі болды

Жаңа жылдық безендіруде қалалар арасында қаржы жұмсаудың рейтингісі жасалды, деп хабарлайды abctv.kz.
Рейтингті Informburo ақпараттық агенттігі жасаған. Бұған Қазақстан қалаларының әкімдіктерінің Жаңа жылды тойлауға  қанша  жұмсағаны негіз ретінде алынды. Рейтингке Қазақстанның 14 қаласы кірген.

Агенттіктің хабарлауынша, 8,7 млн теңге ақша жұмсаған Ақтау қаласы 11орынды иеленген. Бұл ақшаға төрт мыңнан астам жарықдиодты шам сатып алған, сондай-ақ шыршаны қорғау, монтаждау және демонтаждау кірген. 
Ең бірінші орынға Алматы қаласы шықты. Олар Жаңа жылдық безендіруге 630 млн теңгеге жуық ақша жұмсаған. Екінші орынға 100 млн теңге қаражат жұмсаған Қарағанды қаласы орналасты. Ал Атырау қаласы болса 95,5 млн теңге бөлген. 
Агенттіктің мәлімет бойынша, Астана әкімдігі қаланы Жаңа жылдық безендіруге қанша қаражат жұмсағанын әлі есептемеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу