Жаңа жылдық корпоративтің шырқын бұзған белсендінің үстінен сотқа арыз дайындалып жатыр

7796

Әкімдік қызметкерлері жаңа жылдық корпоративте санитарлық тарапты қатаң сақтағанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.    

Жаңа жылдық корпоративтің шырқын бұзған белсендінің үстінен сотқа арыз дайындалып жатыр

Оtyrar.kz порталына облыс әкімдігі банкет заңды түрде ұйымдастырылғанын, мейрамханада барлығы 50 адам жиналғанын хабарлаған.

"Үш-төрт қызметкердің беделі мен атына нұқсан келтіргені үшін сотқа талап-арыздар дайындалып жатыр. Санитар дәрігер 100 адамға корпоратив кешін өткізуге рұқсат берген және санитарлық талаптар бұзылған жоқ", - деді Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасының бөлім басшысы Әлжан Сапарбеков. 

Осыған дейін әлеуметтік желіде видео жарияланған енді. Онда автор мейрамханада Түркістан облысы білім бөлімінің басшысылары тойлап жүргенін айтқан.

Корпоративке блогер мен полиция қызметкерлері келгенде кеш қонақтары банкеттен кетіп қалған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу