Жаңа жылдың алғашқы күндері елордада күн аязды болады

960

"Қазгидромет" алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды.

Жаңа жылдың алғашқы күндері елордада күн аязды болады

Жаңа жылдың алғашқы күндері елордада  күн райы аязды болады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты "Қазгидромет" РМҚ-ға сілтеме жасап.

1 қаңтарда күн құбылмалы болып, аздаған қар жауады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -21-23°С, күндіз -16-18°С құрамақ.

2 қаңтарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік батыстан жылдамдығы 2-7 м/с құрайтын жел соғады. Сынап бағанасы түнде -23-25°С, күндіз -17-19°С көрсетеді.

3 қаңтарда да көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -25-27°С, күндіз -17-19°С құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу