Жаңа жылдың алғашқы тәулігінде елде 615 қылмыс тіркелді. Олардың 240-ы ізі суымай ашылды. Бұл туралы ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жаңа жыл мерекесінде қоғамдық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанның барлық полициясы күшейтілген қызмет көрсету режиміне ауыстырылды", - деді ол.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде ешқандай ірі оқиғаның орын алуына жол берілген жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу