Жаңа жылдық мерекелер Алматы көпбейінді клиникалық ауруханасы үшін ерекше оқиғамен есте қалды – 21 бала дүниеге келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл қуанышты жағдай тек мерекелік көңіл-күй сыйлап қана қоймай, күрделі жүктіліктерді тиімді медициналық бақылаудың айқын үлгісі болды.
Әсіресе, 37 аптада туған егіздердің ата-анасы атанған бір отбасының оқиғасы ерекше назар аудартты. Егіздердің анасының денсаулығында күрделі мәселелер болған: жатырдағы қос тыртық пен созылмалы артериялық гипертензия. Бұл жайт жүктілік пен босану кезінде қауіп-қатерді айтарлықтай арттырғанымен, білікті дәрігерлер мен заманауи медициналық технологиялардың арқасында ана мен балалардың денсаулығы сақталды.
Клиника мамандары әйелдің жағдайын үнемі бақылауда ұстап, барлық тәуекелдерді ескеріп, жекелеген босандыру әдісін қолданған. Нәтижесінде сәтті босану жүзеге асты.
"Жаңа туған нәрестелер тек ата-аналарын ғана емес, медицина қызметкерлерін де шабыттандырды. Әрбір сәби – жарқын болашақтың үміті мен ата-аналар өмірінің жаңа кезеңінің бастамасы", – деп атап өтті аурухананың директоры Эльмира Берікова.