Жаңа жылға қарай дәрі-дәрмек бағасы қымбаттай ма?

272

Қазақстан аумағында дәрілік заттардың шекті құнын есептеуді айқындаудың жаңа моделі енгізіледі.  

Жаңа жылға қарай дәрі-дәрмек бағасы қымбаттай ма? Фото: inbusiness.kz

Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев дәрі бағасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Менде ондай болжамдар жоқ. Айта кеткім келетіні, жыл басынан бері Денсаулық сақтау министрлігіне қатысты дәрі-дәрмектің бағасын реттеу әдістемесі қайта қарауды қажет ететіні жайлы негізделген сын айтылды. Бұл мәселемен белсенді айналысып келеміз. 1 желтоқсанға дейін жаңа бұйрық шығады. Осылайша біз Қазақстан аумағында дәрілік заттардың шекті құнын есептеуді айқындаудың жаңа моделін енгіземіз. Бұл дәрінің объективті құнын анықтауға арналған. Осыған дейінгі нормативтік-құқықтық актілерде болған негізсіз үстемелер қолданыстағы шындыққа сәйкес келтірілетін болады", – деді Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев.

Қазір елімізде 6 891 дәрілік зат пен 13 мыңнан астам медициналық бұйым тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу