Жаңаарқа жұрты бүгін ауданның тоқсан жылдығын тойлауда. Мерекеде концерттік бағдарламалармен қатар "Бауырсақ", "Палау" фестивальдері ұйымдастырылған. Сондай-ақ, 10 мың литр қымыз дайындалды. Осы арқылы жаңарқалықтар елдің есінде қалып, ең бастысы Гиннестің рекордтар кітабына енуді көздеп отыр.
Сап түзеген сәнді келіншектер қымызды күбіге құйып, күрпілдетіп пісуден жарыса жөнелді.
Рекордты Кубадан келген Гиннес өкілі Юделькис Диас тіркеді. Қымыз бен бауырсақтан дәм татқан қонақ аудан басшыларына рекорд орнатылғандығы туралы сертификат табыстады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу