Ұлытау облысының Жаңаарқа кентінде үш қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерінен өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ералиев көшесіндегі үйдің үшінші қабатындағы пәтерде болған өрттің аумағы 20 шаршы метрді құрады. Оқиға орнына келген Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ғимараттан үш адамды эвакуациялап, өрт болған жерден газ баллонын алып шықты.
Өрт жедел оқшауланып, толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды тұрмыста өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға және төтенше жағдай болған кезде дер кезінде көмекке жүгінуге шақырады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу