Жанабыловтар ісі: Блогерлер соңғы сөзінде соттан жеңіл жаза сұрады

Эльмира Төлегенова сотта процестік келісім жасауға өтініш білдірген. 

Жанабыловтар ісі: Блогерлер соңғы сөзінде соттан жеңіл жаза сұрады Фото: Tengrinews.kz / Аружан Дарибай

Елордада ерлі-зайыпты блогер Жанабыловтарға қатысты қылмыстық істе сотталушы соңғы сөзін де айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Оның сөзінше, аталған жағдай бәрі үшін сабақ болған.

– Біз үлкен қорытынды жасадық. Бұл бізге өмірлік сабақ болды. Заң бұзғанымызға өкінеміз. Құрметті соттан маған және жұбайыма бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды, сондай-ақ істі жеңіл қарауды сұраймын, – деді ол.

Сондай-ақ, Эльмира Төлегенова өз сөзінде кеңесу бөлмесіне кетпес бұрын процестік келісім жасау туралы өтініш білдірді. Оның барлық шарттары мен салдары толық түсіндірілгенін де жеткізді. 

Бірнеше күн бұрын прокурор блогер Жанабылов пен келіншегін 4 жылға соттауды сұраған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу