Жанабыловтар ісі: Блогерлер тағылған айыпқа жауап беруден бас тартты

173

Прокурор айыптау актісін оқыды.  

Жанабыловтар ісі: Блогерлер тағылған айыпқа жауап беруден бас тартты Фото: Instagram парақшадан

Елорда сотында блогер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Прокурор Олжас Хайруллаев блогерлерге қатысты айыптау актісін оқыды. Тергеу нұсқасы бойынша ерлі-зайыптылар онлайн-курстарды сату желеуімен заңсыз лотерея ұйымдастырған.

"Сатып алушыларға шын мәнінде білім беру өнімі емес, бағалы жүлде ұтып алу мүмкіндігі ұсынылған. Бұл – заңсыз лотерея қызметінің белгісі", – деді мемлекеттік айыптаушы.

Істі жүргізген судья Әділбек Баймаханов айыпталушылардан кінәларын мойындай ма деп сұрады. Ерболат Жанабылов бұл сұраққа жауап беруден бас тартатынын айтты.

"Қазір бұл сауалға жауап беруден бас тартамын. Өйткені қорғаушым екеуміздің өз ұстанымымыз бар. Біз оны барлық куәгерден жауап алынып, іс материалдарының барлығы зерттелген соң, өзіміздің жауабымызды беру барысында білдіргіміз келеді", – деді Эльмира Төлегенова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу