Жаңадан құрылған облыстардың шалғай ауылдарды басқаруда әсері бар ма?

557

Былтыр Мемлекет басшысының Жарлығымен елімізде жаңадан 3 облыс құрылды.  

Жаңадан құрылған облыстардың шалғай ауылдарды басқаруда әсері бар ма? Фото: 7kun.kz

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков бұл мәселеге тоқталды, деп жазады inbusiness.kz.

"Әкімшілік басқару тұрғысынан келсек, облыс орталығына шалғайда жатқан ауыл тұрғындарының қатынауына оңтайлы жағдай қалыптасты. Үш жаңа облыс орталықтарының елдімекендерге, халыққа жақындай түскені - нақты факт. Яғни, оң әсері болды", - деді ол тілшінің сауалына берген жауабында.

Спикер оның экономикалық жағын да атап өтті.

"Абай және Ұлытау облыстарының кешенді даму жоспары әзірленіп, қабылданды. Мұнда республикалық және жергілікті бюджеттің, сондай-ақ жеке инвестициялардың есебінен атқарылуы қажет іс-шаралардың барлығы да қамтылды. Даму жоспарында әлеуметтік сала да, инфрақұрылым да, шағын және орта бизнесті дамыту бағыттары қамтылған. Кешенді жоспарлар жаңадан құрылған облыстарға экономикалық серпін беруге өзінің септігін тигізеді деп күтілуде", - деп толықтырды Бауыржан Омарбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу